Авто. Әдемі нөмір сатып алу қиын емес

Авто. Әдемі нөмір сатып алу қиын емес

Көше бойындағы қымбат маркалы көліктердің нөмірлеріне қарасақ, мынадай комбинацияларды кездестіре аламыз: 777, 007, 001 т.с.с. Әдемі сандар қатарын жақсы көретін автоәуесқойлардың құлақтарына алтын сырға.

"Енді қазақстандық автоәуесқойлар "әдемі" көлік нөмірлерін заңды түрде сатып ала алады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевтың сөзіне сілтеме жасап.

Бүгінгі үкімет отырысында министр тілшілерге жаңа көлік нөмірлерін арнайы тіркеу орталықтарында алу тәртібі туралы айтты.

"Азаматқа нөмірді тіркеу мен таңдауға мүмкіндік беріледі. Ұсынылған нөмірлердің арасынан кез келгенін таңдауға болады. Егер бұдан да жақсы нөмірді қаласаңыз, оны да таңдауға болады, оның төлемақысы да жоғары"- деді Жұмағалиев өз сөзінде.

Бұл істі жүзеге асыру үшін министрлік "әдемі" нөмірлердің бағасын бекітіп, салық кодексіне өзгертулер енгізбек.

Форумда талқылау

Сурет vesti.kz сайтынан