Хронология: он бесінші бөлім

Хронология: он бесінші бөлім

ХІХ ғ. 80-90 ж.ж.

Верный, Орал, Семейде көпшілікке арналған кітапханалар ашылды.

1898 ж.

"Қырғыздардың жер иелену бойынша мәліметтер" еңбегі жарық көрді.

ХХ ғ. басында

Қазақ өлкесі алты облыстан тұрды: Сырдария, Жетісу, Ақмола, Семей, Орал, Торғай.

1897 ж.

Қазақ өлкесінің халқы - 4147,8 мың адам, 81,7 %-ы қазақтар.

1914 ж.

5910 адам, 65,1 %-ы қазақтар.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы

Өлкеде 19 жаңа қала болды.

1897 ж.

Тұңғыш рет халық санағы жүргізілді.

1905-1907 ж.ж.

Қазақ жерінде революциялар орын алды. Алғышарты: патша үкіметінің аграрлық саясаты.

1823-1905 ж.ж.

Қазақ жерінің 4 млн десятина жері тартып алынды.

1906-1907 ж.ж.

17 млн. десятина жер тартып алынды.

1896 ж.

Ушаковтың ұйымдастыруымен Атбасарда алғашқы маркстік үйірме құрылды.

1905 ж. 9 қаңтар

"Қанды жексенбі" оқиғасы Петербургте орын алды.

1905 ж. ақпан

Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқар жерлерінде патша өкіметіне қарсы көтерілістер орын алды.

1905 ж. 17 қазан

"Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы" патша манифесі жарық көрді.

1905 ж. 18-19 қазан

Орынборда демонстрациялар орын алды.

1905 ж. желтоқсан

Успен кенішінде жұмысшылар қозғалысы болды. 360 жұмысшы қатысқан.

1905 ж. 16-26 қараша

Семейдегі почта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.

1905 ж. 6-7 қараша

Верныйда әскери қақтығыстар орын алды.

1905 ж. 21 қарашада

Жаркент гарнизонында әскери қақтығыс болды.

1906 ж. шілде

Семейде 500 жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл.

1906 ж.

Қарқаралы уезі, Жаркент, Әулиеата, Шымкент, Орал, Торғай облыстарында шаруалар толқулары болды.

1906 ж. 10 қаңтар

Ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қақтығыстарды тоқтатуды бұйырды.

1907 ж. көктем

Ресей демократиялық революциясының шегінуі.

1913-1914 ж.ж.

Қазақ жерінде ашаршылық жылдары.

1914 ж.

Аштық салдарынан Еділ бойына қоныстанушылар саны 211 есеге өскен.

1912 ж. сәуір

Лена қырғыны болды.

1912 ж.

Қазақстандағы демократиялық ереуілдер қайта көтерлді.

1912 ж. 2-6 қазан

Байқоңыр көмір өндірісінде, Семей су диірменінде, Торғайдағы көмір шахталарында ереуілдер орын алды.

1914 ж. көктемі мен жазы

Ресей демократиялық революциясының көтерілу кезеңі Қазақстанда да таралды.

Форумда талқылау

Сурет namys.kz сайтынан алынған

Ж. FM