Буэнос-Айрестегі танго фестивалі

Буэнос-Айрестегі танго фестивалі

Аргентина ер мен әйел арасында үлкен сезім оятатын әлемдегі ең көрікті билердің бірі- тангоның отаны болып табылады. Бұған Буэнос-Айрес қаласында бір апта өтетін танго фестивалі дәлел.

Фестиваль күндері қалада құштарлық самалы соғып тұрады. Барлық іс-шараларды Мәдениет министрлігі ұйымдастырады. Фестивальдің ашылуы мен жабылу салтанатында от шашулар, жанды дауыстағы концерттер, кино көрсетілімдер, жәрмеңкелер өткізіледі. Әлемнің үздік бишілері танго үйренушілеріне тегін дәріс береді, сондай-ақ, өз өнерлерін ортаға салып, өзара сайысқа түседі. 

Алайда фестиваль сахналық қойылымдармен ғана шектелмейді. Бүкіл қала сағынышқа толы музыка мен сезімге бай би құшағында болады. Әр баррио (аудан) түнгі уақытта жанданып, Буэнос-Айрестің тұрғындары фортепьяно мен бадонеон (танго әуені) ырғағында тербеледі.

Барлығы Андалузидағы милонги деп аталатын дәстүрлі испан биінен бастау алды. Кейін Аргентинада оны портеньостар (Буэнос-Айрестің тұрғылықты халқы) тангоға өзгертіп алды. Бұл назардан тыс қалған жұмысшылардың ханж буржуазиялық қоғамға тастаған үлкен ұраны болды. Бүгінде фестиваль бұл энергияны кафелер, түнгі клубтар, милонги (би студиясы), ойын-сауық кешендер мен аптап ыстықтан кейінгі түнгі қалаға бағыттайды.


Кабеко көне дәстүрін сақтап қалған фестиваль ақпан не наурыз айларында өткізіледі. Бұл дәстүр бойынша әлеуетті серіктер бір -біріне көз тастап, ыммен билеу шеберлігін көрсетеді.

Суреттер Ғаламтордан алынды

Ғ. Ұзақ