Менің атым - Али. Мен - қазақпын!

Менің атым - Али. Мен - қазақпын!

Бүгін редакция мүшелері танымал voxpopuli.kz сайтынан алынған барлығымызға үлгі боларлық адамның өмірлік жолын назарларыңызға ұсынбақ. Біз бұл оқиғаны сіздерге көрсетпей шетте қалып қоя алмадық. Тағдырдың ауыр азаптарына төтеп бере алған адамдар қазіргі заманда өте сирек. Соның бірі жүрегі қазақ деп ұрған азамат - Али.  

Али Искаков – балалар үйінде өскен өзінің тері түсімен ерекшеленетін жігіт. Оның фотосуреттеріне қарап отырып, шетелден келген студент шығар деуге болады, ал ол Қарағандының қарапайым баласы...

 1. – Менің атым - Али. Мен - қазақпын! - Әңгімеміз дәл осылай басталды. – Иә, бойымда қара түстілердің қаны бар. Бірақ мен қазақпын! - деді ол.

 2. Али 1991 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. 10 жасына дейін Алидің тәрбиесімен анасы айналысқан.

- Әйтеуір айлықтан айлыққа дейін әзер жетіп, күнімізді көріп жаттық. Анам базарда жұмыс істейтін, бірақ оған ол жерде жұмыс істеу қиынға соғатын. Сондықтан, 10 жасқа келгенімде көкірегі сенімге толы анам атажұртымыз Қазақстанға оралуды ұйғарды.

3. – Біз Қарағанды қаласының маңындағы Жаңа-Арқа ауылына анамның туған-туыстарына жолға шықтық. Туыстардан қолғабыс күтіп барып едік, олар менің тері түсімді көрген соң, бізге қолұшын созудан бас тартты.

4. – Әкем туралы білетінім - оның Африкадан екендігі ғана. Әкем туралы анам тарқатып айтқан емес...

5. – Анамның туысқандары көмектесуден бас тартқан соң, шешем мені балалар үйіне беруге мәжбүр болды. Себебі сол кездің өзінде-ақ шешемнің мені асырай алмайтынына көзім жеткен еді. Содан бері біз мейрам кездері жіберетін сирек ашық хаттар арқылы ғана хабарласып тұрамыз. Туған-туыстарыммен қайтып араласқым келеді. 

Осы кезде күлімсіреп отырған Алидің қабағы түйіліп кетті. Бұл тақырыптағы әңгіме оның жүрегіне ауыр тиетін еді, дегенмен анасының ашық хаттарын әлі де бойтұмарындай сақтап келеді... 

6. – Туылған кезімде құжатқа ұлтымды қазақ деп, ал әкемнің атын өзінің әкесінің атына жаздыру үшін анам қолынан келгенінің бәрін жасады.  

7. – Балалар үйінде көп қиындық көрдім, өйткені өзгелерден ерекшеленіп тұратынмын. Жетімдер тақырыбы бөлек тақырып. Ал негр-жетім көзге шыққан сүйелдей еді. Бала кезімнен өзімнің айнадағы суретімді жек көретінмін. Неге басқаларға ұқсамаймын? Неге менің сүйікті отбасым жоқ? Неге қазақ болғанымды әрқашан өзгелерге дәлелдеуім қажет? Осындай сұрақтар мені қатты мазалайтын. Иә, өзгемін, бірақ қазақпын ғой, іштей ызыланатынмын...

8. – Бала кезімде: «Ей, негр» деген келеке сөздерді естіген мезетте төбелесе кететінмін. Сондықтан да болар, өзімнің сыныптастарыма «Бұл жолы не дер екен? Осы тоқсанда қандай лақап ат қояды екен?" деген қауіппен қарайтынмын. Ал егер түр-келбетіме 12 жасқа дейін дұрыстап оқи алмағанымды қоссаңыздар, менің қандай кездерді бастан кешкенімді түсінерсіздер.  Ер жеткен соң, бұған етім өліп кетті. Оның үстіне берер жауабым да дайын. Қазір кез келген келекені қалжыңға айналдырып жіберемін. 

9. – Жоғарғы сыныптарда Болашақ колледжінің құрамасында КВН ойнай бастадым. Сол уақыттан бастап, келбетімнің өзгеге тигізетін жаман әсерінен гөрі артықшылығы бар екенін түсіндім. Мен өзімді осы қалпымда қабылдауды үйрене бастадым. Бір түсінгенім - мен жұртқа қызықты екенмін әрі өзгешемін... 

10. – КВН-ге түскен уақыттан бастап, нағыз өмір басталғандай сезілді. Бір күні колледж директоры келіп: "Егер ары қарай осы команда құрамында ойнағың келсе, бізге оқуға түс" деді. Көп ойланбадым, сөйтіп көп кешікпей «Болашақ» колледжінің студенті атандым. Мамандығым - ағылшын тілінен аудармашы.

11. – Дәл осы КВН-де мен өзіме нағыз достарды тауып, өмірдегі өз жолымды айқындай бастадым.

Қарағандыда Алидің командасы едәуір танымал, оның ерекше келбеті де жалпының назарында болды. Ең алғашқы өзінің көрерменін осы қаладан тапты. 

12. – Бір түсінгенім, табысты шоумен болу үшін менің тапқыр әрі ақылды болуым қажет. Дегенмен, кітап оқудың әуесқойы болмасам да, көп оқуға тырысамын. 

13. Сонымен қатар, Али өзінің сырт келбетімен, пластикасымен айналыса бастады. Бимен шұғылдана бастады.

Егер де ол жұртты қызықтыра білсе, бұл оған кейбір артықшылықтар беретінін де түсінеді.

14. – Колледжді аяқтағаннан соң, Жүргенев атындағы өнер академиясына актерлік шеберлік факультетіне түспек оймен Алматыға қоныс аударуды ұйғардым. Грантқа түскім келді, бірақ конкурстан өте алмадым. Осы жылы да бағымды сынап көремін, бәрі ойдағыдай болады деп сенемін.

15. – Осы ғажап жігітті жақынырақ танымақ оймен біз онымен бірге оның алғаш өмірлік жолы басталған қаласына аттандық. 

- Мен сонда да Алматыны өзіне бағындырмақ болған қарағандылық жігіт болып қаламын, - дейді Али.

16. Али кез келген адаммен тіл табыса алады, сондықтан шығар бізге жолсерік болған Ұлан апаймен де әңгіме лезде басталып кетті. Ол әуесқой балгер болып шықты, сосын Алиге қуана-қуана қартпен бал ашып берді. Оның айтуы бойынша, жақында Алидің өмірінде оған көмектесетін адам пайда болады. Сонымен қатар, Алидің өмірі шығармашылықпен байланысты болатынын да айтты. Соңында Ұлан апай Алидің қыздардан аулақ болуын және аянбай еңбек етуін ескертті. Және де әкесінің Алидің бар екенін де білмейтінін айтып қалды...

17. Поезда көңілді де тапқыр жігіт басқа жолаушылардың назарын өзіне бірден аударды. Ол әрқашанда жұрт назарында болып үйреніп алған әрі оның өзіндік қалжың-әзілдері, әңгімелері болатын.

18.

19. Қарағандыда Алиді Алишер, Бек, Арсен сынды «НСК» КВН командасының жігіттері күтіп алды. Өз тарапынан Али әріптестерін көңілді күлкісімен қарсы алды. Оларды көп нәрсе байланыстыратын еді: команданың шарықтау сәттері де құлаған кездері де, әзіл-қалжыңдар құраумен өткізген ұзақ түндер, достық әзілдер....

20. Репетиция, өздеріне ғана түсінікті ортақ қалжыңдар, күлкі, уайым - осындай атмосферада команда Қарағанды облыстық КВН ойындарының финалына дайындалып жатты.  

21. – Мен өз достарыма шексіз алғысымды білдіремін, - дейді Али. – Айналамда тек жақсы адамдар болғанына қатты қуанамын. Адасқан кездерім де болды, сонда мені құтқарып қалған да осылар – менің жан достарым, бауырларым. Олар менің жанұям.

22. Өткен жылы «ҚарМУ» командасы жеңіске жеткен болатын. Сол себепті  осы жылғы ойындар «НСК» құрамасы үшін өте маңызды болды. Оларға қалай да болса жеңіске жету қажет етін. Өткен жылы олар үздік атануға лайық жақсы ойын көрсетті. Өкінішке орай, екінші орынға табан тіреді.

23.

24. Өткен конкурстарда «НСК» жігіттеріне басты бәсекені Өскемендік команда мен ҚарМУ құрамасы көрсеткен болатын, бірақ үй тапсырмасынан соң, жеңіс тұғырына шығатынымыз айдан анық болды.

25. Міне, көптен күткен жеңіс!

26. – Маған кейбір кездері компьютер клубының әкімшісі, официант немесе аудармашы болып жұмыс істеуді ұсынады. Істей берер едім, бірақ мәселе мынада: мен өзімді тек сахна төрінен көремін. Менің тек шығармашылықпен ғана айналысқым келеді. Жалғыз дұрыс шешім осы деп таптым. Және біздің жеңісіміз бұған айқын дәлел! Дәл осындай сәттерде өзімнің шынымен өмір сүріп жатқанымды сеземін. Мен хайуан секілді емес, нағыз адамдар сияқты өмір сүрудемін! Кең кеудеммен еркін тыныстаймын. Бұл менің триумфымның кезі. Өз-өзіме: «Достым, сен бұдан да жақсыға лайықсың, қане, сенің қолыңнан келеді емес пе?!» деп қоямын.

27. Али туған қаласын қаншалықты жақсы көргеніне қарамастан, кейде сол қаланың зардабын да шегетін. Қала тұрғындары әлі күнге дейін оны «жат» ретінде қабылдап, кей-кейде тым дөрекі болып жатады. Алайда Али осы үшін ешкімге шағым айтқан емес...

28. Қанша тырысқанымен, көшедегілердің бәрі көзге жат шаш иесі – жас жігітке көз салады.

29. Алматыға келісімен, ол үйге кірместен бірлескен (корпоративный) кешке аттанды. Әрине, күнкөрістік қаржы табу керек... 

30. – Бүгінгі күні менің келбетім – ол менің наным. Өзімнің күнкөрісіме тойларға, іс-шараларға КВН-дік қойылымдарыммен шығу  арқылы ақша табамын. Айтпақшы, менің басты «фишкам» ол менің қазақша тап-таза сөйлей алатыным. Ал енді көз алдарыңызға елестетіңіздерші - күлкілі қап-қара жігіт шығып, ауылдың тілінде қазақша сайрап тұр... 

31. – Менің мақсатым сіздерге сырттан келгендердің үйреншікті арманы болып көрінетін шығар, бірақ маған мүлдем олай көрінбейді: мен жетістіктің шыңына шығып, даңқты болсам деп армандаймын.  Отбасын құру да армандарымның бірі. Балаларым мен болашақ жарыма күн сәулесіндей жылулық бергім келеді... Және әке-шешемнің қателіктерін қайталамасам деймін. Балаларымның әкесімен мақтанғанын армандаймын... 

Автор: Канат Бейсекеев

Форумда талқылау

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған

Ж. FM