Соңғы аудармалар

Негізгі / Бірге аударайық / Фильмдер / Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Түпнұсқа атауы - The Plan Man

Орысша атауы -  Педант/ Человек с планом

Мемлекет: Оңтүстік Корея

Жылы: 2014

Түрі: толықметражды фильм

Актерлер: Чу Чжин Мо, Сон Пён Сук, Чан Кван, Чхве Вон Ён, Ю Сын Мок, Ха Чжэ Сук, Ким Джи Ён, Хан Чжи Ми, т.б.

Режиссері: Si-Heup Seong

Жанры: комедия, романтика

Аударған: Мейіргүл Оңғарова

Фильмге сипаттама

Әр қадамын бүге-шігесіне дейін есептеп жүретін Хан Чон Соктың сағаты да ерекше соғады. Ол үшін сағатсыз бір секунд өмір сүру ауа жұтпаумен тең. Фильм қаһарманы бір рет те жоспарсыз өмір сүру туралы ойлап көрмепті. Хан Чон Сокты шашылып жатқан заттар мен лас нәрселер қатты ренжітеді. Бұл көрініске шыдап, жай ғана қарап тұру оның қолынан келмейді. Әр нәрсе өз орнында, түп-түзу, жинақы тұрса ғана Хан Чон Соктың көңілі көншиді. Ал пәтері... Пәтері мұнтаздай таза, бір қоқым да жатпайды. Жұмысында да заттың бәрі сап түзегендей үнемі жинаулы тұрады. 

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өзі белгілеген уақытта емес, сәл кешігіп өтер болса, ол үшін бұл нәрсе – нағыз сұмдық жайт! Сұмдық болғаны соншалық, өзін қоярға жер таппай, тықыршып кетеді. Бірақ Хан Чон Соктың бұндай әрекеттері негізсіз емес екен. Басында біртүрлі болып көрінген бейненің жүрегіне орны толмас ауыр өкініш жасырыныпты... Тағдыр жоспары мығым, ұсақ-түйекшіл жігітті өзіне мүлдем қарама-қайшы қызға жолықтырғанда, бұл екеуінің арасында махаббат оты тұтануы мүмкін бе, мүмкін емес пе? Оны комедия мен романтика араласқан фильмнен көріңіздер.

Сондай-ақ ерекше сюжетті кинодан теледидардағы шоулардың шын мәнінде қалай жасалатынын көруге болады. Демалыстарыңыз сәтті өтсін, достар! 


Ілмек сөздер: the plan man korean movie, фильм, корея фильм, онлайн, онлайн смотреть, онлайн көру, корей киносы, онтустик корея, оңтүстік корея, субтитр, кино көру онлайн, смотреть кино онлайн

Дата:02 мамыр 2015, 15:19
Теги:the plan man korean movie, фильм, корея фильм, онлайн, онлайн смотреть, онлайн көру, корей киносы, онтустик корея, оңтүстік корея, субтитр, кино көру онлайн, смотреть кино онлайн

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.