Мәзір: Асқабақ қосылған манты

Мәзір: Асқабақ қосылған манты

Манты — орталық Азия тұрғындарының дәстүрлі асына айналып кеткен тағам. Мантыны қарапайым күннің дастарханына да, мерекелік дастарханға да әзірлей береді. Ол тойымды, дәмді, әрі бәрінің сүйікті асы. Ең дәмді нұсқасының дайындалу жолын ұсынамыз:

Құрамы:

Ет — 500 гр. (қойдың еті дұрыс)

Пияз — 500-600 гр. ( 5 дана)

Асқабақ — 500 гр. (бір асқабақтың тең жарты бөлігі)

Тұз бен бұрыш — бір ас қасықтан

Қамырына:

Жұмыртқа — 2 дана

Ұн — 2 стақан

Салқын су — 1 стақан

  Дайындалуы:

Тартылған етке қарағанда, майда етіп туралған еттен дайындалған манты дәмдірек болады. Пияздың көптігі тағамды шырынды етеді, әрі иісі де мұрынды жарады.

  • Етті майда етіп турап аламыз;


  • Бөлек тақтайшада пиязды тураймыз;


  • Асқабақ та майда етіп туралады;


  • Туралған ет пен пиязды араластырып, тұз бен бұрыш саламыз. Аздап жылы су құюға да болады. Су құйылған ет пен пияз қоспасына туралған асқабақты саламыз;

Қамырын дайындау үшін:

  • Табаққа екі жұмыртқаны салып, салқын су құйып араластырамыз;


  • Енді тұз салып, қамырды ұзақ илейміз де, 20 минутқа бетін жауып қоямыз;


  • 20 минут өткен соң, қамырды жұқа етіп жаямыз;


  • Жұқа қамырды төртбұрыш тілімдерге тілеміз;


  • Әрбір қамырдың ішіне 2/1 қасықтан ет турамасын салып, төрт бұрышынан жабыстырамыз;

 


  • Енді манты пісіретін кастрюльдің әр қалпына май жағып, түйілген мантыларды орналастырамыз;

 

  • Манты пісіретін кастрюльге су құйып, қатты отта қайнатып аламыз;
  • Енді қалыптарын салып, асты жай отқа 45 минут қоямыз;
  • 45 минут өткен соң, мантыны түсіріп, аскөкпен, тұздықпен сәндейміз.

Ас дәмді болсын!

А. Байжан