Мейіз қосылған тәтті кекс

Мейіз қосылған тәтті кекс

Құрамы:

  • 3 жұмыртқа
  • 200гр. қант
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • 1,5-2 стақан ұн
  • 200г. майонез
  • Мейіз

Дайындалу жолы:

Жұмыртқаға қант қосып араластырамыз.

Оған ас содасын қосып, көпіргенше араластырамыз. 

1,5-2 стақан ұн қосамыз. Ұнды көп қоссаңыз, кексіңіз көтерілмей қалуы мүмкін. Сондықтан стақанға ұнды толтырмай өлшеңіз.

Майонез және

мейізді қосып

қамырды біркелкі етіп араластырамыз.

Кекс пісіретін арнайы қалыпты майлап, қамырды құямыз.

Орташа температурада 40-45 минуттай пісіреміз. Есте сақтаңыз! Алғашқы 30 минутта пешті ашуға болмайды. 

Асыңыз дәмді болсын!

Енесімен бірге дайындаған қолданушы: Лаура Жұмахметова