Әлемнің алып елдеріндегі Жаңа Жыл мерекесі: Италия

Әлемнің алып елдеріндегі Жаңа Жыл мерекесі: Италия

Италияда Жаңа Жыл 6 қаңтарда тойланады. Наным бойынша, бұл түні сиқырлы сыпыртқыға мінген Бефан (Ла Бефан) мейірімді перизат ұшып келеді. Кішкентай алтын кілтпен есікті ашып, балалар бөлмесіне кіреді. Пеште ілініп тұрған шұлықтардың ішіне тәттілер мен сый-кәделер тастап кетеді. Ал нашар оқыған, сотқар балаларға көмір немесе күл тастап кетеді.


Баббо Натале - итальян Аяз Атасы. Итальяндықтар Жаңа жылды ескімен қоштасу керек деген оймен олар терезеден ескі бұйымдарын лақтырады. Бұл салтқа итальяндықтар үлкен құрметпен қарап, зор құлышыныспен ескі бұйымдардан арылады. Сәйкесінше, ескі бұйымдардың орнын жаңа бұйымдар басады. Жаңа жылдық дастарханда міндетті түрде жүзім, жаңғақ және жасымық болу керек. Олар ұзақ ғұмыр, денсаулық және құт-берекенің нышаны болып табылады.

Итальян ауылдарында бұрыннан келе жатқан әдет бар. 1 қаңтар таңертең үйге бұлақ басынан таза су әкелу керек. Итальяндықтарда «Достарыңа сыйлайтын кәдең болмаса, оған зәйтүн бұтағымен бірге су сыйла» деген ата сөз бар. Су адамға бақыт алып келеді деп есептейді.

Сондай-ақ, итальяндықтар үшін Жаңа жылда ең бірінші көрген адамның кім болғаны аса маңызды. Егер де 1 қаңтарда бірінші кездескен адам молда я тақуа болса, ол жамандықтың белгісі. Сондай-ақ, кішкентай баланы кездестірмеген абзал. Бүкір қарт кісіні кездестірсе, жақсы болады деп болжаған.

Жаңа жылда итальяндықтар бір-біріне қызыл түсті киім-кешек сыйлайды. Қызыл түс жаңа дүниенің бастауы әрі нышаны деп санайды.

 

Сурет ғаламтор бетінен

Ғ. Ұзақ