2011 жылдың ең нашар 3 диетасы

2011 жылдың ең нашар 3 диетасы
2011 жылдың үздік диеталары  мында

1.Палеотикалық диета

Палеотикалық диета мағынасы - үңгірде тұрған адамдардың тамақ мәзіріне барынша жақын тамақтану жоспарын құру. Біздің ата-бабаларымыз азығын аң аулап тапқан. Ал ауыл шаруашылығы – егін мен мал шаруашылы бертін келе пайда болды. Сондықтан, палео-диета ас үлесінде негізгі сүт және дәнді азық-түліктер толығымен жойылады. Ежелгі адам орманнан ғана таба алатын азық-түлікті жеуге болады.        

2. Шикі тамақты пайдаланушылар диетасы

Вегандық диетаның бір түрі. Шикі тамақ жеуді қолдаушылар термикалық өңдеуден өтпеген ғана азықпен қоректенеді. Ал шикілей жеуге қауіпті еттен бас тартады. Бұл емдәмде құнарлылық, кальций, В12 және D дәрумені тапшы. Осы кемшіліктері үшін мамандар оны ең нашар диеталар қатарына жатқызған. Сонымен қатар, шикі тамақ жеудің термикалық өңдеуден өтпеген тағамнан улану қаупі үлкен.  

  3. Аткинс диетасы

Кардиолог Роберт Аткинстың диетасы рейтингте ең соңғы орынды иеленді. Бұл емдәмнің өзгертілген түрі ТМД елдерінде «кремль диетасы» деген атпен белгілі. Бұл тәсілде «май тым көп, ал көмірсу тым аз», - дейді сарапшылар. 2010 жылы ғалымдар көп мөлшерде ақуыз бен малдың майы бар, аз көмірсулы диеталар адамның өмір жасын қысқартатынын дәлелдеген. Сондықтан, Аткинс диетасы өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті.      

Суреттер rusmedserver.ru сайтынан алынған