"Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы

 "Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы

«Ла Скала» (италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) — Милан қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776-1778 жж. сәулетші Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта-Мария делла Скала шіркеуінің орнына салынған.

1778 жылы 3 тамызда театр Антонио Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды.

2001 жылы Ла-Скала қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты, Арчимбольди театры Ла-Скало театрымен тығыз байланыста.

Тарихы

XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж. Паизиелло, С. Майра опералары болды.

Театр сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока-воровка» (1817), Дж. Мейербераның  «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының премьералары өтті.

1830 жылдан бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831) Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары енгізілді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л. Секки қайта қалпына келтіріп, театр ашылды.

Ла Скала опера театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді.

Ла Скала театрының концерттік маусымы желтоқсан-маусым аралығында өтеді. Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде ашылады.

Қойылымдарға билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы тапсырыс беру арқылы өткізіледі.

Ақсүйек қауым өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді таңдайды.

Ал нағыз өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі, дыбыс акустикасы жақсы естіледі. Білгірлерді атауынша, «C-point» атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор мүмкіндіктерін сол жаққа қарай бағыттайды.

Театр әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара түсті костюм мен галстук тағып келуге міндетті. Ал ханымдар кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім, қолшатыр гардеробқа өткізіледі.

Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. Олар XX ғасыр әртістері Э. Карузо, Титта Руффо, де Лука, Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М. Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л. Собинов.

*Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ