Cұрақ-жауап уақытша тоқтатылады

Сұрақтың текстін теріңіз және айдар таңдаңыз!

Сіздің сұрағыңыз қабылданды!


Нұрболат Балықбаев
Рубрика:Тұлға
Күні:22 қыркүйек 2016, 10:10
2 жауап

Бауыржан Омарұлы шығармашылығы туралы ақпарат қажет еді.

1

Әсел АсановаӘсел Асанова
26 қыркүйек 2016, 12:28

Омаров Бауыржан Жұмаханұлы 1962 жылы 1 мамыр күні Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең селосында дүниеге келген. 1979-1981 жылдар аралығында Қызылорда облысы «Аралрыбпром» (Арал балық шаруашылығы) өндірістік бірлестігінде қызмет етеді. Туғаннан білімге құмар, ғылымға құштар боп өскен бала алдында бозбала шаққа жеткенде қалам мен қандауырдың қайсысын таңдаймын деген ұлы қос жол тұрды. Жолайырықта тұрып, қос жолдың ар жақ, бер жағын санада саралап, қалам ұстайтын жолды таңдады. 1981 жылы бұрынғы Киров, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетіне оқуға түседі. Студенттік шағында қаламына дамыл берместен, «Лениншіл жас» редакциясына мақала жолдай жүріп, 1986 жылы оқуды үздік тәмамдаған соң, осы газет редакциясына тілшілік қызметке орналасады. Сегіз жыл ішінде екі жүзге жуық мақала жариялап, 1994 жылы өзі оқыған Ұлттық университеттің журналистика факультетіне аға оқытушы қызметіне тағайындалады. Одан бір жыл бұрын, 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің мамандандырылған кеңесінде «Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. Ғылыми жетекшісі – академик-жазушы Зейнолла Қабдоллов. Аға оқытушылық қызметін екі жыл абыроймен атқарған соң, Қызылорда педагогикалық институтының ректоры Бақберген Досманбетовтің арнайы шақыртуымен қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Проректорлық қызметке бекітіледі. Бұл қызметке қалай орналасқанын Бақберген Досмамбетов жайында жазған портрет-эссесінде былай баяндайды: «Ол алдымен біздің осы уақытқа дейін атқарған ісіміз туралы сұрап білді. Онша қара жаяу емес едік. Кандидаттық диссертациямызды қорғап, докторлық еңбегіміздің тақырыбын бекітіп қойған кезіміз. Бір жыл бұрын Амантай (Шәріп) екеуміз Америка Құрама Штаттарының Оклахома мемлекеттік университетінде екі айға жуық тағылымдамадан өтіп, бірқатар тәжірибе жинадық. Он жылға жуық «Жас алаш» газетінде қызмет істеген журналист ретінде жаңа жұмысқа бейімделу аса қиынға соқпаған-ды. Оның үстіне Қыдырбек Рысбеков деген досым екеуміз даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов пен танымал кәсіпкер Еркін Қалиевтің қолдауымен «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігін құрып, жұмысын жүргізе бастағанбыз. «Ер-Дәулет» агенттігі қысқа мерзімде баршаға танымал болды. Жекеменшік ақпарат мекемесінің тілшісі ретінде шетелдерге сапарға шығып, әлем құлақ түрген оқиғалардың басы-қасында болып, елге жедел репортаж жолдадық. Тіпті Мемлекет басшысы мен үкімет басшысының ресми сапарларына бірге барған кезіміз де болды. Бас-аяғы бір-екі жылдың ішінде Жапония, Америка, Канада, Малайзия, Сингапур сияқты елдердің топырағына табанымыз тиіп, «желіп жүріп жер танып қалған» басымыз Қызылордаға қарай онша құлай қоймайды. Сондықтан бірден елп ете қалмадық. Екі ойлы болып тұрмыз. Бақберген аға сөзін «Жігіттер, айтқаным айтқан. Елге барамын десеңдер, жүріңдер. Екеуіңді екі сала бойынша проректор етіп тағайындаймын», – деп түйіндеді» [2, 8 б]. Бұл қызметте екі жыл отырғаннан кейін, 1998 жылы Қызылорда қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы жылы Мәскеу мемлекеттік бизнес және ақпараттық технология университетінің (Қызылорда филиалы) Қаржы және несие факультетін тәмамдады. 1998-2000 жылдары ҚазҰУ докторанты болды. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына ғылыми қызметкер боп келіп, бір жылдан соң қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 2003-2005 жылдар арасында тілдерді дамыту қызметінде жүріп, 2006 жылы «Литер Media» ЖШС атқарушы директор болды. Одан соң «Астана хабары» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары, 2007 жылы 8 мамыр мен 2008 жылы 8 ақпан аралығында тура 8 ай «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде бас редактор боп, «Айқынның» беделін айқындады.

0
2

Әсел АсановаӘсел Асанова
26 қыркүйек 2016, 12:36

Публицистігі. Көсемсөзде көркем қолтаңбасын қалдыру жолында ерекше стилі мен бөлекше тілі оқырманды бас алдырмай бірден баурап, сол жолмен мақала аяғына дейін жетелеп отырады. Тақырып қоюдағы ассонанс және аллитерация тәсілін мәтін жазуда да қолданып, қара сөзді өлең ұйқасынан бір кем түспейтіндей, өтімді өрнекпен, ұқыпты ұйқаспен бедерлей беруі, фактілерді, сөздерді ойнатуы, цифрлар мен сандарды сылдыратып, сорпадай сапырып, тізіп шықпай орнықты қолдана білуі тәрізді көркемдік тәсілдерін көргенде ауыз ашып, көз жұмудан басқа шара қалмайды. Адам атын ойнату, оның мағынасын ашып, сол сәтте табан астынан соған сәйкес тіркес ойлап табуы – ономастикалық қызметте майталман маман болғанынан хабар береді. Әр сөзінің астарына ащы мысқыл не тәтті юмор араластырып, оқырманын еріксіз күлдіреді. Тұлғаның шығармашылық портретін салуда, кейпін ашуда достық қалжыңмен қайрай отырып, болымсыз қасиеті болса да, әзілмен әрлеп, жағымдылыққа айналдырады. Әр көсемсөзінде қалың қауымды бір пайдалы ақпаратпен құлағдар етіп қалуды, бір тәрбиелік мәні бар өнегені ғибрат етуді мақсат тұтады. Үлкендердің біздің кезімізде деп басталатын «жауыр болған жағымсыз» әңгімесін әрлі де әсерлі етіп жеткізу әдісін біледі. Жиі қалам тартқан жанры очерк те тәлім мен тәрбиеге тұнып тұрады. Ойдан-қырдан алынып, әркімнің бойынан құрастырылған «жиынтық» бейне емес, өмірде болған, нақты адамдарды алып, кейіпкерге айналдырады. Көсемсөзінде тағы бір айрықшалық бар. Қазір шетелге шығып жатқан адам көп. Бірақ олар көрген-білгенін басқалармен бөлісейін, көзқарасымды жазайын демейді. Ішін-ара жазғандары аса сәтті шықпауы мүмкін. Ал Бауыржан Омарұлының жолжазбалары «Қашқария очерктері» мен «Жоңғария очерктерінен» нәр алған десек артық болмас. Онда құр баяндау емес, жеріне жеткізе жазу тәсілі де бар, кестелі тілмен көмкерілген күнделік те бар, қала мен халықты, адам мен қоғамды, тіл мен ділді, әдеп пен әдетті салыстыра, таныстыра жазған жазбалар да бар, өз елімізге үлгі болсын деген шетелдік тәжірибе де бар, жақсылықтың жаршысы болған жаңалық та бар, халықтың жігерін жанитын, намысын қаритын отты ой мен семсер сөз де бар, ел естімеген тың деректер де табылады. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы» деген сөз өлеңге қатысты айтылған болса, Бауыржан Омарұлы мұны прозалық көсемсөзде де қолдануға болатынын дәлелдейді. Басқасын былай қойғанда, әр жазбасында кіріспе сөзі мен қорытындысы, ортасындағы негізгі ойы түгелдей пропорцияға құрылып, басы мен аяғы бірігіп тұруы – аса тиянақтылықты байқатады. Көсемсөзінің қайсысын алып қарасаңыз да, айтайын деген ойы, идеясы, құрылымы бөлек екеніне көз жеткізесіз. Мән-мағынасы өз білетініңді өзіңе қайталап айтып беретін көп шығарманың бірі болмайтын, тәрбиелік өнегесі де, танымдық ғибраты да мол жазбалар туғызған қаламы да құдіретті. Тіршіліктен түйіндеген тілшілік толғамын түгелдей төгіп тастады. Публицистикасында көркемдеуіш құралдарды молынан пайдалануы – тілі құнарлылығының және экспрессивтілігінің дәлелі. Ғалымдығы. Ғылым жолында атақты академик Зейнолла Қабдоловтан ғибарат алып, ұстаз ұлағаты туралы зерттеу еңбек те жазды. Максим Горький бойындағы бар жақсы қасиеті үшін кітапқа борышты болса, Бауыржан Омарұлы өз бойындағы ізгілікті Қабдолов құбылысынан сіңірді. Ұлы адамдар өмірін ғылыми тұрғыда зерттеу мұнымен шектелмеді: Зәки Ахметов пен Ахмет-Зәкидің өмірбаяндық, шығармашылық шеберліктерін зерттеді. Қос ғұламаны салыстыра сараптап, ғалымдық ғибрат алды, басқаларға да танытты. Түркі тектес халықтарды зерттеп, қазақ жұртына танытып, аудармаларын салыстыра зерттеу де екінің бірінің ойына келмейді. Зиялы қауым арасында күнделік жазбағандары кемде-кем шығар. Ал оны зерттеу объектісіне айналдырып, тың дүние іздеуде ғылыми көзқараспен қараған кім бар? Күнделік – күнделік болып қалмауы тиіс. Оның да айтар ақылы, танытар тағлымы, сақтаулы сыры бар. Бауыржан Омарұлы ғалым ретінде осыны назарға алды. Ғылым ғимаратын соғудағы басты назар аударарлық дүниесі – Мұрат мұрасы. Зар заман әдебиетін зардан айырып, халқымен қауыштыру мақсатында аянбай тер төкті, әлі де ерінбей еңбектеніп келеді. Жоғары оқу орнына тарыдай боп кіргенде Ахмет Байтұрсынұлын танымаған тұлға таудай болып шыққанда Мұраттың мол мирасын арқалап шықты. Жай ғана арқасына жүк етіп артып жүрмей, жұртқа аман жеткізу мақсатында батыл қадамдарға барды. Сол кезеңнің саясатын сынаған ақындардың жырлары әлі де мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі күнмен де үндесіп, мұңдасып жатыр. «Тағы бір айтарымыз, зар заман поэзиясы тек әдебиеттану ғылымының зерттеу обьектісі ғана емес, бұл өрелі тақырып әлеуметтік қоғамдық-саяси ой ағымы ретінде тарихшылар мен философтардың ізденістерінен шеткері қалмайды. Мәселен, көрші Қырғызстанда өз әдебиетіндегі зар заман ақындарының философиялық көзқарастары бойынша ой өрбіткен еңбектер жеткілікті. ...Бұл зар заман құбылысының ауқымы әдебиеттанумен ғана шектелмейтіндігін көрседеді»,– деп ғалымның өзі айтқандай, зар заман әдебиетін өз саласы тұрғысынан зерттеу нысаны ететін біздің елде де ғылым салалары бар екеніне ой тастайды [63, 321 б]. Диплом жұмысынан үзінді

0