Cұрақ-жауап уақытша тоқтатылады

Сұрақтың текстін теріңіз және айдар таңдаңыз!

Сіздің сұрағыңыз қабылданды!


Әділет Узбекбай
Рубрика:Психология
Күні:02 тамыз 2015, 13:22
26 жауап

Компьютер кітапты айырбастай ала ма? Қалай ойлайсыздар?

1

Толғанай МұқашеваТолғанай Мұқашева
02 тамыз 2015, 13:30

Айырбастай алмайды, менің ойымша. Қазір көбісі "кітаптан оқитынды компьютерден де оқуға болады" деп компьютерді кітаптан артық көретіні анық. Десе де таусылмас, асыл қазына кітапқа, оның иісіне ештеңе жетпейді.

0
2

Толғанай МұқашеваТолғанай Мұқашева
02 тамыз 2015, 13:31

Ал сіздің ойыңыз қалай?

0
3

Ержан КүзембаевЕржан Күзембаев
02 тамыз 2015, 13:32

Жоқ, айырбастай алмайды. Компьютерді сайтқа кіру, ойын ойнау, т.б деп қарасақ кітапты оқу ретінде қарағанымыз жөн.

0
4

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
02 тамыз 2015, 13:45

Дұрыс айтасың Ержан

+1
5

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
02 тамыз 2015, 14:10

Бүгінде жастардың кітап оқымайтындығы,кітапханаға тым сирек баратындығы жиі айтылады.Әрине,ғаламтор,техниканың соңғы жетісігі адамды кітаптан алшақтатқаны белгілі.Бірақ,интернет,компьютер ешқашан кітап пен кітапхананың орнын баса алмайды.Қорыта айтқанда,кітап,кітапхана секілді киелі ұғымдардың орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.Кітап қадірсіз болса,Шекспир "кітап маған тақтан да қымбат" демес еді.

+1
6

Оңтүстік ұланыОңтүстік ұланы
03 тамыз 2015, 08:25

Коиэмпьютеп емес, соңүы заманауи дисплейлер басуы мүмкін. Бірақ кітап құны ешқашан төмендемейді

0
7

Назым СапароваНазым Сапарова
03 тамыз 2015, 13:47

Фариза Оңғарсынова айтқан: "Кітаптан оқығанынды, ғаламтор ешқашан бермейді". Қазіргі жастарымыздың кітапты дос болмауы, өкінішті. Бірақ арамызда кітапты сүйіп оқитын оқырмандар бар.

0
8

Мақпал БисембаеваМақпал Бисембаева
03 тамыз 2015, 18:48

Менің, ойымша айырбастай алады. Себебі, кітапта жазылған нәрсе интернетте де бар

0
9

Мақпал БисембаеваМақпал Бисембаева
03 тамыз 2015, 18:48

Менің, ойымша айырбастай алады. Себебі, кітапта жазылған нәрсе интернетте де бар

0
10

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
03 тамыз 2015, 19:20

Кешірім өтінем сізден Томирис әпке.Жасыңыз бізден үлкен болғанымен,сана-сезіміңіз төмен екенін көрсетіп қойдыңыз ғой.Соншалықты ұсақ ойлайды деп ойламаппын сізді.Қаншалықты компьютер әлемді жаулап алғанымен,оның қауқары кітапқа жетпейді.Өйткені ұлы тұлғалардың бізге жеткізген ұлы туындылары кітап бетінде ғана ұлылығын таныта алады.Оны сіз интернет желілері арқылы оқитын болсаңыз ешқандайда кітап бетінен алған әсердей ләззатқа бөлене алмайсыз.Егер айтқаныма сонда да түсінбесеңіз, өзіңіз оқитын ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде екінші курста оқитын Нұрбике БЕКСҰЛТАНҚЫЗЫ деген әпкеміздің дәл осы тақырыпқа қатысты мақаласы газет бетінде жарияланған болатын.Соны оқып ой қорытыңыз дегім келеді.

+2
11

aiaulym oralbekaiaulym oralbek
30 қаңтар 2017, 13:26

кешіріңіз бірақ сіз олай айтуға еш құқыңыз жоқ,әр адамның ойлау қабілеті әрқалай ,Томирис ханым бар болғаны өз пікірін жазған,сіз сұрақ қойдыңыз ал Томирис ханым өз пікірін жазған бар болғаны.

0
13

Оңтүстік ұланыОңтүстік ұланы
04 тамыз 2015, 12:52

Дұрыс айтасың Әділет. Бірақ қазір сенде компьютер не смартфон болмағанда сен дәл қазір кітап оқып отырған болар едің. Ал сендей кітапқұмар көк экранға майы шыққанша қарап отырғанда өзгелер кітап оқиды деп ойлайсың ба? Әлде кітапты барлығы сіз бен біз ғұрлы қадірлейді деп ойлайсың ба? 20 ғасырдағы кей ғалымдар болашақты болжап, техника туралы жорамал айтқанда өзгелер оларды қандай мазақ қылды. Қайсы ақымақ көк жәшікке ұзақ уақыт қарап отыра береді дейсін деген де адамлар болды. Әрине қазір кітап қадірін жоғалтпады, бірақ 20 жыл алдыңғыдағыдай емес. Соңғы уақытта көзге зиян жоқ дисплейлер шығып жатыр. Компьютер де смартфон да болашақта керексіз блып қалады. Оның орнын ыңғайлы әрі зиян жоқ дисплейлер жаулайды. Сол кезде кітап оқушылар көбейеді. Бірақ кітапханадан іздемейді. Қазір сүйікті кітабін интернеттен тапса да көзіне зиян екенін айтып оқымайды. Ал сен енді елестет: Сенің сүйікті кітабың көрші қалада. Есесіне менде парақ пішіндес жұмсақ бір зат бар. Ол жерден кез келген кітапты кез келген тілде оқи аласын. Зияны мүлдем жоқ. Кез келген уақытта көшеде түнде күндіз оқи аласын. Сен бәрібір дисплейден оқисын. Қазір мойындамауың мүмкін. Бірақ кезінде телефон, интернет, теледидар, көлікті ешкім мойындамаған. КІТАП ҚАДІРІН ЖОҒАЛТПАЙДЫ. ТЕК ЗАМАНАУИ ТҮРДЕ ШЫҒАДЫ. ҚАЗІР ҚҰРАН КІТАБІ МЕН ЖАЙНАМАЗ; БЕСІКТЕ ЗАМАНАУМ ҮЛГІДЕ

0
14

Оңтүстік ұланыОңтүстік ұланы
04 тамыз 2015, 13:05

Шахмат тақтасы да. Тіпті болашақта мұғалім де, кітапханашы да роботтар бол мүмңін

0
15

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
04 тамыз 2015, 14:27

Бөріхан,қазіргі және болашақтың көзқарасын негізге ала отырып,өзімнің пікірімді тағы да қайталап айтамын.Сенің сол дисплейлерің кітаптың орнын басса басар,бірақ түпкілікті ешқашан айырбастай алмайды.Оның үстіне ол техника болғандықтан,құртақандай болса да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді тигізбейді емес.Және сенің барлығына бірдей кітап оқымайды деп айтып жатқанын түбінде қате пікір екенін есіңе салып қояйын.Есіңе жақсылап сақтап ал:дисплей техника болғандықтан,оның тағдыры тікелей электр жарығына тәуелді.Егер әлемде электр жарығы болмаса,сенің сол дисплейің ешкімге керексіз болып қалады.Тағы да айтарым:егер маған бір кітап қатты керек болып,ол көрші ауданда болатын болса,мен еш қиналмастан сонда барамын да,сол кітапты өз атыма жаздырып аламын.Еркектік сөзім,рухани құндылықтарды мен ешқашан дисплейден іздеп тіміскілемеймін.Тағы да соңғы айтарым,мен үшін Алланың үйі--мешіт те,қадірі кемімейтін кітапхана да бір.Екеуі егіз.Екеуіне барудан ешқашан жалықпаймын.

0
16

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
04 тамыз 2015, 14:36

Ернін қимылдатуға ерінетін қазақтарға,сол роботтар керемет пайда әкелетін болыпты ғой йә.Жұмыстың барлығын сол "жүгермектер" атқарса,адамның қоғамдағы рөлі қайда қалады?Адамдар азып-тозып,істерге жұмыс болмай,ақырында адамдық қасиеттерден жұрдай болады деп ойламайсың ба?

0
17

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
04 тамыз 2015, 14:59

Мынау менің соңғы сөзім:"Не дегенмен кітапты сарғайған қағазын иіскеп отырып оқығанға не жетсін.Кітаптың ләззатын компьютер,дисплейсымақтар сыйлай алмайды ешқашан.Мен өз басым әр жерден жұлып жиған білімнің пайдасы орасан болатынына сенбеймін.Интернеттен,дисплейлерден алынған білім информация ғана,сол себепті сананы астаң-кестең етеді.Астаң-кестең сана білімді болып жарытпайды ешқашан!!!

0
18

Оңтүстік ұланыОңтүстік ұланы
04 тамыз 2015, 21:31

Мке кітаптың орнын бір нәрсе басады дегем жоқ. Кітап қадірін сақтайды. Тек заманауи үлгіде шығады

0
19

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
05 тамыз 2015, 14:43

Інішек,сен қалай сенімді түрде айтып тұрсың "кітап қадірін сақтайды" деп,егер кітаптарың заманауи үлгіде шығатын болса.Заманауи үлгіде шыққан кітаптарың,беттері қолмен парақтап ашылатын кітаптардың берген білімін ешқашан бере алмайды.Бұныма тағы да түсінбесең,"Айқын" деген қоғамдық-саяси газеттің соңғы сандарын оқып көр.Онда американдық ғалымдар студенттерге дисплей беріп тәжірибе жасап көрген."Сабақты оқуға жәрдемін тигізеді ма" деп жасалған тәжірибе қалай аяқталды деп ойлайсың?

0
20

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
05 тамыз 2015, 14:44

Сонда менің айтқандарыма көзің жететін болады.

0
21

Айнұр ИсмайловаАйнұр Исмайлова
14 тамыз 2015, 11:19

ия,айырбастай алады

0
22

Салтанат ДосмурзинаСалтанат Досмурзина
25 қазан 2015, 22:49

Кітаптың орны бөлек, өйткені ол құндылықтарға толы дүние, сондықтан оны онлайн оқығаннан, кітап бетін парақтап оқыған сенің санаңды оятып түрлі ой салады, тіпті қиялыңды ұштай түсіреді, ерекше әсер қалдырады.

0
24

SANAM MANASSANAM MANAS
22 ақпан 2016, 14:36

hayır asla ama aynı zamanda devam edebilecektir

0
25

Duman SerikbaevDuman Serikbaev
15 маусым 2016, 20:29

Я айырбастай алады.

0
26

aiaulym oralbekaiaulym oralbek
28 қаңтар 2017, 16:54

Айырбастай алмайды.Себебі кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы...: Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ. Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады. Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз - егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен». Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенемін. Ал енді сіздерге кітаптардың пайдасы туралы Интернеттен алынған азды-кемді тіркестерді ұсынамын. Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді.

0