саламатсыздар ма? 2015жыл2 қазанда Ақтөбе қаласында ғылыми тәжірибелік орталықта "Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі сайысы"өтті.Сайыс ақылы. Сайыс басталмас бұрын Рика телеарнасы сайысқа қатысушы екі адамнан сұхбат алып кетіп қалды. 10-да басталған сайыс кешкі 6-да аяқталды. Бақсақ манағы болмай жатып сұхбат берген 2 ұстаз 1,2орынды иеленді. Не деген бетсіздік. Қалған мұғалімдер не үшін барып отыр? Солардың ақша беріп алған жеңісін тамашалау үшін бе? 18 мұғалімді жинап алып, сайқымазақ секілді жарыс өткізу кімге керек? Бұл бірінші рет емес,жылда солай кімнің тәтесі мықты,кімнің ақшасы көп сол алады. Қарапайым мұғалімнің қалтасына қол сұғу қашан тоқтайды? Ақылы курс пен ақылы сайыстардан шаршадық. Бұл мыңдаған мұғалімнің проблемасы. Білдей білім мекемесінде отырып, ақша көздеген азаматшаларды қайтеміз? Бұдан қандай білім болады? Бұл сұрақтың жауабын кім береді? Айтатын көкеміз де тәтеміз де жоқ,ақшамыз да жоқ. Жоғары жақтың тексеруін сұраймыз.