Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша, оқиға 19 маусымда кешкісін Зачаган кентінде болған.

"Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бүгінде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Г. Досымшалова