Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 маусымда Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Республиканың батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде найзай күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ болады, найзағай кезінде жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзғай, батысында шаңды дауыл күтіледі, батысында, шығысында, таулы аудандарда жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей уақытында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, облыстың батысында, таулы аудандарында жел екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік жартысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-батысында жел екпіні - 18 м/с.

Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, батыста, шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.

Г. Досымшалова