Тоқаев Путиннің көзінше Қазақстан тарапына айтылған мәлімдемелерді еске салды

Тоқаев Путиннің көзінше Қазақстан тарапына айтылған мәлімдемелерді еске салды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының (SPIEF-2022) пленарлық отырысында ресейлік депутаттардың, журналистер мен мәдениет қайраткерлерінің Қазақстанға қарсы жалған мәлімдемелерін еске алды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

"Мен осы мінберді пайдалана отырып бірқатар ресейлік депутаттардың, журналистер мен мәдениет қайраткерлерінің шындыққа жанаспайтын жалған мәлімдемелеріне қатысты шағымдарымды айтқым келеді. Олар Қазақстан басшылығының шешіміне немесе елімізде болып жатқан оқиғаларға қатысты жалған пікірлер айтады. Мен Владимир Владимировичке (Путин. - Ескерту) алғыс айтамын, ол бүгін жоғары басшылықтың менің еліме қатысты ұстанымын жан-жақты баяндап берді.

Шынында да, халық арасына алауыздық тудырып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасына зиянын тигізетіндер көп. Олардың бұләрекеттерін түсінбеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Владимир Путин Тоқаевтың мәлімдемесімен келісіп, бұл маңызды мәселе екенін баса айтты.

"Кез-келген істе мәселенің шешімін табуға болады. Бұл мәселені де шешуге ерік-жігеріміз жетеді. Қазақстан барлық жағынан біздің одақтасымыз", - деді Путин.

Сессия модераторы Маргарита Симонян да Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми іс-шаралардағы ашықтығы үшін алғыс айтты.

"Сіз айтқан депутаттар мен мәдениет қайраткерлері бұл пікірді естіді деп ойлаймын, қазір жанжалдасатын уақыт емес екенін бәріміз түсінуіміз керек", - деді ол.

Г. Досымшалова