Экобелсенді Салтанат Тәшімова қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Экобелсенді Салтанат Тәшімова қамауға алынды

Алматыда Салтанат Тәшімованы заңсыз митингіге қатысқаны үшін 15 күнге қамалды. Ақпаратты оның адвокаты Руслан Қожахмет растады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Құқық қорғаушының айтуынша, сот Тәшімованы 9 сәуірде өткен митингіге қатысқаны үшін айыпты деп таныған. Ол кезде Минин көшесінде орналасқан тұрғын үй тұрғындары әкімдіктің рұқсатынсыз митинг өткізген. Қожахметовтің сөзінше, Тәшімоваға қатысты сот әкімшілік бұзушылық туралы хаттама мен ұстау хаттамасы ресімделгеннен кейін бір сағаттан соң тағайындалған. 

"Тәшімова кездесуге блогер ретінде шақырылды, оған қатыспады, тек әлеуметтік желілерде оқиғаларды тікелей эфирде көрсетті. Бұл тұрғындардың жиыны, яғни билікке хабарлауды қажет етпейтін жиналыс болды. Олар қоғамдық маңызы бар мәселелерді емес осы шағын ауданға қатысты өз мәселелерін талқылады.

Бірақ біздің Заңымызбен барлық ұжымдық жиналыс - үйлену тойы, еске алу кеші және жұма намазын митинг ретінде тіркеп қатысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады", - деді адвокат.

Ал, сот Тәшімованың заңсыз митингіге белсене қатысқанын алға тартады.

"Ол кінәсін мойындамады. 9 сәуірде тұрғындардың шақыруымен барғанын айтты. Прокурор Тәшімованы ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды және 15 тәулікке қамауды сұрады", - деп түсіндірді сотта.

Бүгінде үкім заңды күшіне енген жоқ.