Мас болған: Алматыда жүргізуші қызды қағып, бірнеше көлікпен соқтығысты

Мас болған: Алматыда жүргізуші қызды қағып, бірнеше көлікпен соқтығысты

Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі самокат айдап бара жатқан қызды қағып, бірнеше көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Телеарна мәліметінше, оқиға 16 маусымда таңертең Шевченко көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған.

Жол апатынан кейін Toyota Land Cruiser жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалмақ болған, бірақ оны басқа куәгерлер тоқтатқан. Қалалық полиция департаменті жол талғамайтын көлік жүргізушісі мас болған деген болжам айтты.

"Жүргізушінің орта дәрежелі мас күйінде Шевченко бойымен батыс бағытта жүргені анықталды. Сейфуллин көшесінің бұрышында солға бұрылған кезде ол электр самокатымен жүріп келе жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Әрі қарай жүруін жалғастырып, ер адам KIA K5 және KIA CERATO автомобильдерімен соқтығысқан. KIA CERATO инерцияның әсерінен Mercedes-Benz-ке соғылған", - деді LG Алматы анықтау басқармасының бастығы подполковник Олжас Шәріпов.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алмалы ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Г. Досымшалова