ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуінің алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БӨЛІСУ

Алматылық ер адам түрмеге жолдаған екі келі грек жаңғағы сәлемдемесіндегі төрт жаңғақтың ішіне есірткі жасырып, жібермек болған.

Тексеру кезінде олардың төртеуінде белгілі бір иісі бар жасыл түсті заттар табылды.

Ал тағы бірі кір жуғыш ұнтағының ішіне екі телефонды жасырып өткізбек болған. Сондай-ақ, одан ерекше иісі бар сұйықтық табылған шырын пакеті тәркіленді.

Барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберілді.

"Қызметкерлер сотталғандарға келген барлық сәлемдемелерді тұрақты негізде тексереді. Алайда, құқық бұзушылар бұл туралы білі тұра, қызметкерлер байқамай қалады деп үміттеніп, әрекет етуді жалғастырып жатыр", - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ресми өкілі, әділет капитаны Салтанат Ожиканова.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.