Павлодарда жанып жатқан пәтерден бір бала құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Павлодарда жанып жатқан пәтерден бір бала құтқарылды

Павлодарда өртсөндіруші өртеніп жатқан пәтерден 7 жасар баланы алып шығып үлгерді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Өрт 16 маусымда көпқабатты үйде болған. Бөлмедегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар, балкон жанып жатқан пәтерде бала жалғыз болған. Ол көміртегі тотығынан уланып, есінен танып қалған. 

"Пәтердің есігі жабық еді, сондықтан оны бұзып ашуға тура келді. Ішке кірген кезде бәрі түтінге оранған, ешнәрсе көрінбейді. Бөлмеге кіргенде төсекте жатқан баланы көрдім. Бала ес-түссіз жатыр екен, оны оттегімен қамтамасыз ететін құтқару құрылғысына қойдым да қолыма көтеріп, пәтерден шықтым", - деді Сүлейменов.

Өртсөндіруші баланы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Бала орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен уланған. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бала бөлімге ауыстырылған.

"Егер бала түтін басқан бөлмеде тағы бірнеше минут қалғанда өліп кетуі мүмкін еді. Оны дер кезінде құтқарып қалды", - дейді дәрігерлер.