БҚО әкімдігі Орал тұрғынына моральдық өтемақы төлейтін болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
БҚО әкімдігі Орал тұрғынына моральдық өтемақы төлейтін болды

Орал тұрғыны БҚО әкімдігінің үстінен арыз жазып сотқа жүгінген. Оның талабы бойынша Орал қалалық №2 соты оң шешім шығарды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БӨЛІСУ

Басылым мәліметінше, азамат №3 қалалық емхананың жұмысына көңілі толмағандықтан облыс әкімдігіне арыз жазған. Арызына жауап болмағандықтын өтінішімен шенеуніктерге барған. Алайда әкімдік қызметкерлері оған дауыс көтеріп, балағаттап, дөрекілік көрсеткен. Ашуланған тұрғын сотқа арыз жазып, моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге сұраған.

№2 Орал қалалық соты Нұғмановтың талабын ішінара қанағаттандырды. Моральдық шығынды 100 мың теңгеге дейін төмендетіп, шенеуніктердің әрекетін заңсыз деп таныған. Шешім бір ай ішінде заңды күшіне енеді. Осы уақыт ішінде БҚО әкімдігі сот шешіміне апелляция бере алады.