Нұр-Сұлтанда сушиден уланғандар саны 91-ден асты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Нұр-Сұлтанда сушиден уланғандар саны 91-ден асты

Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану орнынан жаппай уланғандар саны уланғандар саны 91-ден асты, олардың 20-сы бала, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, 9-маусымнан бастап инфекциялық ауруханаға астаналықтар жаппай түсе бастаған. Бірдей ауру белгілерімен келген адамдардың тамақтанған жері де бір боп шыққан. Демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жеп немесе тапсырыспен алдыртқандар өздерін жәйсіз сезінген. Екі күнде 64 адам дәрігерге жүгінген.

Дәрігерлер уланғандар саны күн сайын көбейіп жатқанын айтады. Жаппай улануға әкелген сушидің бір бөлігі лабороторияда зерттеуде.

Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жұмысын тоқтатыпты. Егер улану дерегі анықталса, тамақтану орнына ірі көлемде айыппұл салынып, жабылады, дейді санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті.

"Негізінен ауру 9-10 маусым күндері суши жегеннен туындады деген болжам бар. Ішек инфекциясының тасымалдаушысы деген күдікпен 15 адам тексерілді. Әзірге талдау қорытындысы шықпады. Одан бөлек шайындылар, тамақ өнімдері, шикі және дайын өнімдер тексерілді. Ауруханадағы науқастардың жағдайы орташа ауыр", - дейді Жаннат Пірәлиева.