Мәжіліс төрағасы әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Мәжіліс төрағасы әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Әйелдердің зейнет жасын төмендету үшін мемлекеттік қаржы мүмкіндігін ескеру керек. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

БӨЛІСУ

Палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Е.Қошановтан әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге төмендетуге қатысты сұрақ қойды.

"Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі бұл бағытта мемлекеттің мүмкіншілігін де қарау керек. Қазіргі кезде тиісті талап-тілектер айтылып жатыр, оның барлығын білеміз. Өңірлерге барған кезде де ұсыныстар айтылды. Осы мәселеге қатысты ұсыныстарды пысықтау керек. Ол бойынша Үкімет, тиісті құзыретті орган жұмыс істеп жатыр", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.