Екіге бөлген: Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді басып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Екіге бөлген: Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді басып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тепловоз әйелді басып кетті, - деп хабарлайды AstanaTV.

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен "Өскемен-1" стансасындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды", - деді ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.