Кентауда пәтерден өрт шығып, 8 жастағы бала терезеден секіріп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Кентауда пәтерден өрт шығып, 8 жастағы бала терезеден секіріп кетті

Кентауда пәтер өртеніп, 8 жастағы бала 5 қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды ktk.kz.

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, Кентау қаласындағы Төлеби көшесіндегі №61 үйдің 5 қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Пәтер ішінде қалған екі жасөспірімнің бірі қорыққанынан 5-қабаттан секіріп кеткен. Ол ауруханада қайтыс болды. Ал, үй ішінде қалған 10 жастағы қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Әкесі вахталық жұмыста болған. Ал, анасы жұмысқа кеткенде балаларын үйде қалдырып есікті құлыптап кетіпті. Содан екі бала есіктен шыға алмай қалған. Жалпы өртке қарсы 9 қызметкер жұмылдырылды" - дейді Кентау қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Төлегенов.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Өрт бастапқыда ас бөлмеден шыққан. Кейін будақтаған жалын басқа бөлмелерге жайылып кеткен.