Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургте өтетін форумға қатысады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургте өтетін форумға қатысады

Ресей президенті Владимир Путин 15 маусымда басталатын Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2022) аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения президенті Ваагном Хачатурянмен және Босния және Герцеговина Президиумының өкілі Милорад Додикпен екіжақты кездесулер өткізеді. Бұл туралы Ресей басшысының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

БӨЛІСУ

"Форум барысында осы пленарлық отырыстан кейін президент екіжақты байланыстар жүргізеді. Тоқаевпен және Армения Республикасының Президенті Хачатурянмен кездеседі, сондай-ақ, Босния және Герцеговина президиумының мүшесі серб халқынан Милорад Додикті қабылдайды", - деді Ушаков.

Ол сондай-ақ, пленарлық отырыста Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің видеоүндеуі көрсетілетінін атап өтті.

25-ші Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 15-18 маусым аралығында өтеді, оған 90-нан аса елдің өкілдері қатысады. Биылғы жылдың басты тақырыбы өзгерген әлемдегі жаңа мүмкіндіктерді іздеу болмақ.

Форум аясында экономиканы қалпына келтіру және халықаралық ынтымақтастық, әлемдік сауданың трансформациясы, жаңа логистикалық шындықтағы бизнестің тиімділігі мәселелері бойынша сессиялар өтеді.