Депутаттар қаржы жинауға байланысты жарнамаға тыйым салуды ұсынды

Сымбат Сатыбалдина Корреспондент
Депутаттар қаржы жинауға байланысты жарнамаға тыйым салуды ұсынды
Фото ©️ Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қаржы жинауға байланысты жарнамаға тыйым салу жоспарланып отыр. Тыйымды бұзғандар үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылды.

БӨЛІСУ

Мәжіліс отырысында депутаттар заң жобаларын, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді және қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді талқылады.

"Қарауға ұсынылған заң жобаларының негізгі мақсаты - қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ қаржы және инвестициялық пирамидаларды құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы алаяқтық қаржы пирамидаларының кеңінен таралуына депутаттардың жедел ден қоюы", - деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли, заң жобасын бірінші оқылымда таныстыра отырып.

Заң жобаларында ұсынылады:

  • қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;
  • қаржы (инвестициялық) пирамидаларын жарнамалау бойынша қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
  • соталды тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі үшін қаржы (инвестициялық) пирамидаларын жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша соттылығын анықтау;
  • қылмыстық әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтан саралау;
    сондай-ақ, осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалардың ақшасын және өзге де мүлкін тартуға байланысты жарнамалық қызметке тыйым салуды енгізу.

Осылайша, түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және "Жарнама туралы" заңға қатысты.

"Бастама жасалған түзетулер азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен активтерін қорғау деңгейін едәуір арттыруға, қаржылық және инвестициялық пирамидалардың қызметін болдырмауға, қаржы пирамидаларын құру және оларды жарнамалау кезінде құқықбұзушылардың әрекеттерін неғұрлым нақты анықтауға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Юрий Ли.