Адам өлтірді деген күдікті 15 жыл бойы Ресейде жасырынып жүрген

Есет Төлеш Корреспондент
Адам өлтірді деген күдікті 15 жыл бойы Ресейде жасырынып жүрген
Фото ©️ Tengrinews.kz

Кісі өліміне күдікті 15 жыл бойы Ресейде жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БӨЛІСУ

Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы Алтай өлкесіндегі ІІМ өкілдерімен бірігіп, Барнаул қаласынан іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

2007 жылғы ақпанда 40 жастағы күдікті Павлодар қаласы Есенәлиев көшесіндегі түнгі клубтардың бірінің маңында ер адамға оқ атқан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол қылмысы үшін жазаланатынын біліп, қашып кеткен.

Осы күнге дейін тәртіп сақшылары күдіктіні іздеуді тоқтатпаған.

"Қылмыскер өзінің деректерін өзгертіп алған, тегі, аты және әкесінің атын өзгерткен. Бірақ мұндай шаралар оған жазадан құтылып кетуге мүмкіндік бермеді. Қазір ұсталған азамат Барнаул қаласы Ресей ІІМД УҰИ-ға қамауға алынды, экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.