Украина қандай жағдайда Ресеймен келісімге келетінін айтты

Есет Төлеш Корреспондент
Украина қандай жағдайда Ресеймен келісімге келетінін айтты
Фото ©️ ©REUTERS

Украина делегациясының басшысы қандай жағдайда Ресеймен келісімге келуге болатынын білдірді, - деп хабарлайды "Украинская правда".

БӨЛІСУ

Давид Арахимия Украинаға Батыстан келіп жатқан қару-жарақтың екі ел арасындағы келіссөзге әсер етіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Киевтің позициясын күшейту үшін әскери гуманитарлық көмек керек.

"Біз Батыстан келетін қару-жарақты қабылдауға дайынбыз. Содан кейін Ресеймен келіссөздің жаңа кезеңін бастай аламыз", - деді Арахимия.

Ол қазіргі уақытта Ресей әскері Украинадағы елді мекендерді өз бақылауына алып жатқанын жасырмады.  

"Біз бір қадам алға, екі қадам артқа жылжып жатырмыз. Бүгінде келіссөздерді қайта жалғастыруға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді ол.