Камбэк жасаған "Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Камбэк жасаған "Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Мадридтің "Реал" футбол клубы Чемпиондар лигасының (Еуропадағы ең ірі футбол турнирі) финалына шықты. Жартылай финалдағы қарымта ойында "корольдік клуб" ағылшынның "Манчестер Сити" командасын жарыс жолынан шығарды. 

БӨЛІСУ

"Сантьяно Бернабеу" стадионында өткен ойында "Реал" 3:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша 6:5 көрсеткішімен финалға өтті. 

Ойынның бірінші таймында гол соғылған жоқ. Есесіне екінші таймда командалар ашыла түсті. Бірінші болып 73-минутта Рияд Марез соққан гол есебімен "Манчестер Сити" алға шықты. Ойынның аяқталуына бірер минут қалғанда Родриго таразы басын теңестірді. Артынша екінші голын соғып, нағыз камбэк жасады. 

Бірінші экстра-таймда Пеп Гвардиола шәкірттері айып алаңында Кәрім Бенземаға қарсы ереже бұзды. Нәтижесінде бас төреші Орсато пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Бензема мүлт кеткен жоқ. "Реалға" жеңіс сыйлаған голды соқты. 

Футболдан биылғы Чемпиондар лигасының финалы 28 мамыр күні Париждегі "Парк де Пренс" алаңында өтеді. 

Финалда "Реал" ағылшынның "Ливерпуль" клубымен кездеседі.