"Ливерпуль" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Ливерпуль" Чемпиондар лигасының финалына шықты
Фото ©️ uefa.com

Футболдан 2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалына бірінші болып ағылшынның "Ливерпуль" командасы жолдама алды. Жартылай финалдағы қарымта ойында да Юрген Клопп жаттықтыратын клуб "Вильярреалдан" басым болды. 

БӨЛІСУ

"Эстадио-де-ла-Керамика" стадионында өткен ойында 3:2 есебі тіркелді. Бірінші таймда алаң иелері 2:0 есебімен ұтып шыққан. 3-минутта-ақ Булай Диа есеп ашып, жанкүйерлерін қуантты. Ал 41-минутта Франсис Коклен гол соққанда, финалға жақындай түскен. 

Екінші таймда "Ливерпуль" қаһарына мінді. Үш бірдей гол соғып, камбэк жасады. Фабиньо, Луис Диас және Садио Мане мергендігімен көзге түсті. Екі ойын қорытындысы бойынша ағылшындық клуб финалға шықты. Бір апта бұрын өткен ойында мерсисайдтық клуб өз алаңында 2:0 есебімен ұтқан болатын. 

Финалға шыққан екінші команда бүгін түнде анықталады. "Реал" Мадридте "Манчестер Ситимен" кездеседі. Бірінші ойында ағылшындық команда 4:3 есебімен жеңіске жеткен.