Балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында топ жарды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында топ жарды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатында алтын алды. Отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты. 

БӨЛІСУ

130 кило салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ. Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырды. 

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнін бір алтын, үш күміс және бір қола жүлдемен аяқтады. Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов күміспен күптелсе, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел қоржынына Азия чемпионатының қола медалін салды.