"Астана" баскетбол клубы ойындарын Алматыда өткізуде

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Астана" баскетбол клубы ойындарын Алматыда өткізуде

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысы мәскеулік ЦСКА командасына қарсы кездесуін Алматыда өткізді.

БӨЛІСУ

Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен ойынға 2557 жанкүйерлер жиналды. Елордадан келген ұжым жергілікті жанкүйерлерді қуанту үшін барын салғанымен, 48:96 есебімен жол берді.

Осы орайда, біз өткен жылдың маусым айында "Астана" кәсіби спорт клубының құрылтайшысы атанған, "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының" бас директоры Асхат Рашидұлы Сейсембекті сөзге тартып, елордалық команда ойындарын неліктен оңтүстік астанада өткізіп жатқанын сұраған едік:

"Біз еліміздегі баскетболды дәріптеп, Алматыны нағыз баскетбол мерекесімен таныстыруды жөн көрдік. Болашақта Алматыдағы үй ойындары тәжірибесіне қайта оралуымыз мүмкін".

Айта кетейік, "Астана" келесі кездесуін 13 сәуірде Алматыда "Пармаға" қарсы өткізеді. Ойын 19:30-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Сондай-ақ, жанкүйерлер аталмыш кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.