Қытайда індет қайта өршіді

Қымбат Слямбек Корреспондент
Қытайда індет қайта өршіді
Фото ©️ Twitter.com

Қытайдың солтүстік-шығыс провинцияларында коронавирус індеті қайта өршіді.

БӨЛІСУ

Соңғы бір тәулік ішінде елдің құрлықтық бөлігінде 2281 жаңа жағдай тіркелген. Ал кеше 2600 жағдай тіркелген екен.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, індет тарап жатқан негізгі өлке – елдің солүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясы. Бұл өлкеде 1-22 наурыз күндері 22 мың адам коронавирусқа шалдыққан.

Цзилинь провинциясы – Солтүстік Кореямен шектесетін аймақ. Ал індеттің таралу ошағы – осы провинциядағы университет. Жоғары оқу орны кампусында індет тараған шақта дұрыс изоляция болмаған көрінеді. Індеттің қайта шығуына да осы себеп.

Ал тарап жатқан коронавирустың түрі – Омикрон штамы. Сондай-ақ, "дельта штамм" да қатар тарап жатқан көрінеді.