Эль-класико. "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Эль-класико. "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты
Фото ©️ ©Reuters

Футболдан Испания чемпионатының 29-турында "Барселона" Мадридте "Реалды" 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша көш басындағы командамен ұпай алшақтығын қысқартты. 

БӨЛІСУ

Каталондық клуб ойындағы бірінші голын 29-минутта соқты. Жуырда ғана команда құрамын толықтырған Пьер-Эмерик Обамеянг есеп ашты. Араға 9 минут сала Рональд Араухо Тибо Куртуа қақпасының торында екінші рет допты тулатты. 

Екінші тайм басында Ферран Торрес үшінші голды өз еншісіне жазды. Одан кейін Обамеянг дубль жасап, ірі есеп айырмасымен командасына жеңіс сыйлады. 

Хави бапкер ретінде алғаш рет "Реалды" ұтты. Бірінші айналымда "корольдік клубқа" 2:1 есебімен есе жіберген-ді.