Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы ауысты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы ауысты
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып келген Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Оның міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, - деп хабарлайды ҚФФ.

БӨЛІСУ

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын, - деп жазылған хабарламада.

Андрей Карпович өзінің клубтық мансабында "Елімай", "Ертіс", "Қайрат", "Локомотив", "Ордабасы", "Шахтер", "Атырау", "Алтай", сондай-ақ, ресейлік "Ростсельмаш" және мәскеулік "Динамо" командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын "Қайрат" жүйесінде бастап, одан кейін екі жыл "Оқжетпесті" жаттықтырды. 2021 жылдың басынан "Қызыл-Жардың" бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.