Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтасады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтасады
Фото ©️ @si.com

Екінші орта салмақ абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен орта салмақта IBF және IBO белбеуіне ие отандасымыз Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасуға келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

БӨЛІСУ

USA Today Sports+ ақпараты бойынша, екі боксшы арасындағы трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунт) өтеді. Осыған дейін мексикалық боксшының төрт бірдей атағы бәске қойылатыны айтылған. 

Бокс кеші Лас-Вегаста өтуі бек мүмкін. Осыған дейін ұйымдастырылған екі жекпе-жекте осында болған. Біріншісінде тең түссе, екіншісінде "Канело" жеңіске жеткен еді. 

Трилогияға дейін екі боксшы да бір-бір жекпе-жек өткізеді әрі жеңіске жетулері керек. Геннадий Головкин сәуір айында жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деп күтілуде. Ал Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) бірінші ауыр салмақта WBA белбеуі үшін шайқасуға келісіп қойды.