Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды
Фото ©️ ©Reuters

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалын Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды. Бұл шешімді Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қабылдады.

БӨЛІСУ

Финалдағы ойын 28 мамыр күні өтуі керек болған. УЕФА шешімі бойынша «Стад де Франс» стадионына ауыстырылды.

Қазіргі таңда Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойындардың біріншісі ғана өтті. Қарымта ойындар 8-16 наурыз аралығына жоспарланған.

УЕФА-ның атқарушы комитеті ресейлік және украиналық, ұлттық құрама ойындары сырт алаңда өтуі жайлы да шешім қабылдады.