"Қайрат" ресейлік қорғаушыны қатарына қосты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Қайрат" ресейлік қорғаушыны қатарына қосты
Фото ©️ fckairat.com

Алматының "Қайрат" футбол клубының қатары ресейлік қорғаушы Виктор Васинмен толықты. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

33 жастағы ойыншы жыл соңына дейін алматылық клуб сапында доп тебеді. Осыған дейін Ресейдің "Зенит" командасына ауысқан Нұралы Әліп ойнаған "4"-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Виктор Васин Мәскеудің ЦСКА клубы сапында танылған ойыншы. Осы клубпен бірге үш рет Ресей чемпионы, екі рет Кубок иегері және бір рет Суперкубокты жеңіп алған. Ресей ұлттық құрамасы сапында 13 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

Айта кетейік, осыған дейін алматылық команда қатарын өзбек футболшысы Жасур Жалолиддинов та толықтырған болатын.