Қазақ футзалшысы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қазақ футзалшысы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды
Фото ©️ uefa.com

Футзалдан Нидерландта ұйымдастырылған Еуропа чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы Біржан Оразов үздік сұрмерген атанды.

БӨЛІСУ

Қазақ футзалшысы Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама жарысты ширек финалда аяқтаса да, бұл нәтижені қуып жеткен ешкім болмады.

Біржаннан кейін 5 гол соққан ресейлік үш ойыншы (Артем Антошкин, Иван Чишкала және Антон Соколов) орналасты. 4 гол соққан тағы бір қазақстандық ойыншы Дуглас Жуниор сұрмергендер тізімінде 5-ші орыннан көрінді.

Үздік сұрмергендер тізімі:

7 гол – Birzhan Orazov (Қазақстан) – 2 нәтижелі пас
5 гол – Artem Antoshkin (Ресей) – 5 нәтижелі пас
5 гол – Ivan Chishkala (Ресей) – 1 нәтижелі пас
5 гол – Anton Sokolov (Ресей) – 0 нәтижелі пас
4 гол – Douglas Junior (Қазақстан) – 5 нәтижелі пас
4 гол – Sergio Lozano (Испания) – 5 нәтижелі пас
4 гол – Afonso Jesus (Португалия) – 1 нәтижелі пас
4 гол – Pany Valera (Португалияl) – 1 нәтижелі пас
4 гол – Mykhailo Zvarych (Украина) – 1 нәтижелі пас

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ширек финалда Украинаға жол берген еді.

Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы жеңімпаз атанды. Олар финалда Ресейді 4:2 есебімен ұтты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Испания Украинадан 4:1 есебімен басым болды.