Чемпиондар лигасы. Ширек финал жеребесі тартылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Чемпиондар лигасы. Ширек финал жеребесі тартылды
Фото ©️ FC Bayern English

Футболдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, ширек финалда қарсылас атанған командалар анықталды. Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті.

БӨЛІСУ

Жеребе нәтижесі бойынша былтыр финалда ойнаған "Бавария" мен ПСЖ кездесетін болды. Екі команда арасындағы ойынды жанкүйерлер асыға күтері анық.

Ширек финалда көпшілік тағатсыздана күтетін тағы бір ойын "Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" арасында өтеді. Сондай-ақ жарыстағы фавориттер қатарында тұрған "Манчестер Сити" Дортмундтың "Боруссия" клубымен кездеседі.

Тумас Тухель тізгінін ұстағалы бері ұтылмай келе жатқан "Челсиге" "Порту" қарсылас атанды.

Жартылай финалда "Бавария" мен ПСЖ командаларының ұтқаны "Манчестер Сити" және "Боруссия Д" арасындағы тартыста жеңіске жеткенімен кездеседі. Ал екінші жұпта "Реал Мадрид" - "Ливерпуль" арасындағы ойында жеңіске жеткені "Порту", не "Челсимен" ойнайды.

Ширек финалдағы бірінші ойындар 6/7 сәуірде болса, қарымта ойындар 13/14 сәуірге жоспарланған.

2020/2021 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 29 мамыр күні Стамбулда өтеді.