Мадияр Әшкеев америкалық боксшыға мықтылығын мойындата алмады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Мадияр Әшкеев америкалық боксшыға мықтылығын мойындата алмады
Фото ©️ vringe.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Лос-Анджелесте өткен бокс кешінде америкалық Чарльз Конуэллмен жұдырықтасып, қарсыласына мықтылығын мойындата алмады.

БӨЛІСУ

Бокс кеші Wild Card Boxing аренасында өтті. Екі боксшы басты жекпе-жекте жұдырықтасты. Кездесу 9 раундта қазақстандық боксшы бапкерлері өтінішімен тоқтатылды.

32 жастағы Мадияр осыған дейін кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізген. Оның 7-де қарсыласын нокаутпен ұтқан.

23 жастағы Чарльз Конуэлл де шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Кәсіпқой бокста 13 рет рингке шығып, бәрінде жеңіске жеткен.