Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші голын соқты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші голын соқты
Фото ©️ vk.com

Футболдан Ресей чемпионатының 10-турында ЦСКА сырт алаңда "Уралды" ұтты. Ойында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов есеп ашып, мәскеулік команда сапындағы бірінші голын соқты.

БӨЛІСУ

Ойында ЦСКА 2:0 есебімен жеңіске жетті. 52 минутта Бахтиер Зайнутдинов гол соғып командасын алға шығарса, араға 4 минут сала Константин Марадишвили есепті еселеді. Ал оған дейін мәскеулік команда қатарынан Хордур Магнуссон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. ЦСКА 10 ойыншымен қалса да, жеңіске бастар жолды тапты.

22 жастағы Бахтиер ЦСКА сапындағы 6-шы ойында бірінші голын соқты. Ол мәскеулік командаға 25 тамыз күні ауысып келген еді.

Осы ойын қорытындысы бойынша 19 ұпай жинаған ЦСКА үшінші орынға көтерілді.