"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды,  Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауап ойындары "Манчестер Сити" "Реал Мадрид" және "Ювентус" "Лион" арасында өтті.

БӨЛІСУ

"Манчестер Сити" өз алаңында "Реалды" 2:1 есебімен жеңді. Тоғызыншы минутта Габриэль Жесус Рафаэль Вараннан айласын асырып, Рахим Стерлингке нәтижелі пас шығара білді. 28-ші минутта Карим Бензема таразы басын теңестірді. Ал 68-ші минутта қорғаушы Варанның қателігін сәтті пайдаланған Габриэль Жесустың голы алаң иелеріне жеңіс әкелді.

"Ювентус" француз командасы "Лионды" 2:1 есебімен жеңгенімен қос кездесудің нәтижесі бойынша келесі кезеңге өте алмады.

Тартысты кездесуде 12-минутта "Лион" капитаны Мемфис Депай пенальти орындап командасын алға шығарды. Өз кезегінде 43-ші минутта Криштиану Роналду да пенальтимен таразы басын теңестірді. 60-минутта португал ойыншысы алыс қашықтан қақпаны дәл көздеді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі 10-23 тамыз аралығында Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады.  Қазіргі уақытта 1/4 финалының үш жұбы белгілі. Олар –  "Аталанта" - "ПСЖ", "РБ Лейпциг" - "Атлетико" және "Манчестер Сити" -"Лион".

8 тамыздан 9-ына қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де, "Бавария" - "Челси" (алғашқы ойын - 3:0) және "Барселона" - "Наполи" (1:1) жауап ойындары өтеді.