"Барыстың" жаңа бас бапкері тағайындалды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
"Барыстың" жаңа бас бапкері тағайындалды
Фото ©️ vesti.kz

"Барыс" хоккей клубы жаңа бас бапкердің есімін ресми хабарлады. Елордалық ұжымның тізгінін қазақстандық маман Юрий Михайлис ұстады.

БӨЛІСУ

51 жастағы маман "Барыспен" бір жылдық келісімшартқа отырды. Юрий Михайлис елордалық клубта 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін "Номадтың" бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2018 жылы "Барыс" пен Қазақстан құрамасын тізгіндеген Ғалым Мамбетәлиевтің көмекшісі болды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХК "Барыс" (@barys_official)17 Июн 2020 в 1:21 PDT

Айта кетейік, соңғы екі жылда "Барысты" баптаған Андрей Скабелка келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартқан еді.