Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді

Аслан Қажиев Корреспондент
Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді
Фото ©️ lenta.inform.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Путинцева кездесудің жеңімпазы атанды.

Есеп 6:3, 3:6, 7:5 болды. Осылайша қазақстандық спортшы қыз жарыстың 1/8 финалына өтті. Оның келесі айналымдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.