Қанат Исламның салмағы қарсыласынан жеңіл болып шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қанат Исламның салмағы қарсыласынан жеңіл болып шықты
Фото ©️ Айбар Рысдәулет © Massaget

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ертеңгі жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Салмағы қарсыласынан жеңілдеу болып шықты.

БӨЛІСУ

Qazaq атымен танылған отандасымыз мансабындағы 27-ші жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы - Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО). 34 жастағы боксшы Намибия елінен келген. 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірген. 119-105, 120-104, 120-104 есебімен америкалық боксшыға есе жіберіп, алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Осы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген.

Қанаттың салмағы қарсыласынан жеңілдеу болып шықты. Уолтер 71,950 кило болса, Қанаттың салмағы 71, 900 килоны көрсетті.

Ал бұл жекпе-жектің андеркартында өнер көрсететін боксшылардың салмағы мынадай:

Дәулет Дәукенов (5-1, 3 КО) — Иван Петров (Молдова, 3-1-1) - 63,5 — 63,3;

Сапарбай Айдаров (3-0, 3 КО) — Ярослав Манюлов (2-2-0) - 73,5 — 73,2;

Бексұлтан Раушанов (Өзбекстан, 5-1, 3 КО) — Александру Ионита (Румыния, 7-1-1, 5 КО) - 54,9 — 55;

Нұрсұлтан Аманжолов (1-0) — Михал Банбула (Польша, 13-31-4) - 110,5 — 101,1;

Асқар Ерубек (1-0, 1 КО) — Владислав Баранов (Украина, 6-4-2, 4 КО) - 63,5 — 63,2;

Арман Рысбек (6-0, 5 КО) — Мухитдин Ражапбаев (Өзбекстан, 10-6-1) - 77,4 — 78;

Ақетелиеке Жиенси (Қытай, 10-3-3, 2 КО) — Максим Воронин (Украина, 3-0, 1 КО) - 63,2 — 63;

Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО) — Юрий Бухауцоу (Беларусь, 18-1) - 99,1 — 93,7;

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 5 шілде күні өткізді. Алматыда Доминикан Республикасынан келген Хулио де Хесусты 14 секундта нокаутқа түсірген болатын.

Қанат Ислам мен Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек кеші ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Эфирге 19:00-ден бастап шығады.