Grand Slam кезеңінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Grand Slam кезеңінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото ©️ fdk.kz

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды.

БӨЛІСУ

Қазір таңда ұлттық құрама спортшылары Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында байрақты бәсекеге дайындығын пысықтап жатыр. 24-26 қазан күндері өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан 16 дзюдошымыз қатысады. Ерлер 12, қыздар 4 салмақта жүлдеге таласып көреді. Ел намысын Елдос Сметов бастаған құраманың бірінші нөмірлі дзюдошылары қорғайды.

- Әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері тамаша. Осакада өтетін Grand Slam турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы қатысатын Masters додасы бар. Ал 2020 жыл, Олимпиада жылы Израильдегі турнирмен басталады. Рейтингтегі ұпайымыз жаман емес, команданың басым бөлігі жолдама алады деген сенім бар, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов ҚДФ баспасөз қызметіне.

Grand Slam кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы: 

Ерлер:

1.Елдос Сметов

2.Ғұсман Қырғызбаев

3.Елдос Жұмақанов

4.Ерлан Серікжанов

5.Жансай Смағұлов

6.Дидар Хамза

7.Руслан Мусаев

8.Ислам Бозбаев

9.Арман Қалиев

10.Айбек Серікбаев

11.Ғалымжан Қырықбай

12.Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

1.Анна Казюлина

2.Севара Нишанбаева (57 кг)

3.Иоланта Бердібекова (63 кг)

4.Зере Бектасқызы (70 кг)