Месси алтыншы мәрте "Алтын бутсы" иегері атанды

Аслан Қажиев Корреспондент
Месси алтыншы мәрте "Алтын бутсы" иегері атанды
Фото ©️ Спорт-Экспресс

"Барселона" футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2018/2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" иегері атанды. Бұл марапат Мессиге алтыншы рет табысталды.

БӨЛІСУ

Алтын бутсы – Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарындағы үздік сұрмергенге табысталатын марапат. Өткен маусымда Ла Лигада 36 гол соққан аргентиналық футболшы аталған жүлдені қанжығасына басты.

"Мен бұл марапатқа командаластарым болмағанда қол жеткізе алмас едім. Бұл – бәрімізге ортақ жеңіс. Бұл – команданың әр мүшесін мойындау. Баршаңызға рақмет, келесіде кездескенше", - деді Лионель Месси.

Айта кетейік, Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.