Талдықорғандық клуб жаңа логотипін таныстырды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Талдықорғандық клуб жаңа логотипін таныстырды
Фото ©️ Calcio e Finanza

Қазақстан Премьер-лигасында бақ сынайтын Талдықорғанның "Жетісу" клубы логотипін ауыстырды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Қалқанда (Жетісу өңірінен көп батырлардың шыққанан білдіреді) латын қарпімен JETISÝ атауы жазылған. "J" және "T" әріптері пиктограммамен бейнеленген. "J" әрпі - "Жетісу" (JETISÝ) командасының атауын білдірсе, "Т" әрпі - команданың Талдықорған қаласынан екенін бейнелейді.

Оған қоса логтиптің дәл ортасында сары түспен 7 саны пиктограммамен жазылған. 7 - Жетісу өңіріндегі жеті өзенді білдіреді. Логотипте клубтың негізгі түстері саналатын сары және көк пайдаланылған.

Ал логотиптің төменгі жағында "Жетісу" клубының құрылған 1981 жылы жазылған. Талдықорғандық команда жаңа логотипті биылғы маусымнан бастап қолданады.